Ақжарқын Тұрлыбайдың қытайлық адвокаты сұхбат беріп, оның мүмкіндігі жайлы айтты (Бейне)

Фотография - Ақжарқын Тұрлыбайдың қытайлық адвокаты сұхбат беріп, оның мүмкіндігі жайлы айтты (Бейне)

30 қыркүйек күні Қазақстан мен Қытай арасында сотталған азаматтарды өзара алмасу жөніндегі келісім күшіне енеді.

493 0

30 қыркүйек күні Қазақстан мен Қытай арасында сотталған азаматтарды өзара алмасу жөніндегі келісім күшіне енеді. Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.
Осы құжатқа сәйкес есірткі тасымалдады деп өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай өз еліне қайтарыла ма?

Егер Қытай тарапы 20 жастағы қазақстандық студенттің қылмысы мемлекет қауіпсіздігіне қауіп келтірген жоқ деп таныса және келісім берсе, елге экстрадицияланады.

"Ақжарқынның оған мүмкіндігі бар", – дейді, қытайлық қорғаушысы Сяо Чжаньдэ. 

Қытай Заңы бойынша өмір бақи түрмеге қамалған азамат тәртібі жақсы болса, абақты әкімшілігі жақсы мінездеме берсе екі жылдан кейін мерзімін қысқарту жөнінде өтініш бере алады.
Ақжарқын Тұрлыбай қамалған күннен бастап, Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі жергілікті екі бірдей заңгерлік фирмамен бірлесіп құқықтық көмек көрсетіп келеді. Гуандун провинциясындағы Қытай Жоғарғы халық сотының мәліметі бойынша тамыздың 15 күні Ақжарқынның қорғаушылары берген аппеляциялық шағым қабылданып, осы іс бойынша жұмыс басталған.

Адвокаттар сотпен қайта кездесу мүмкіндігін қарастырып, сот отырысын ашық жағдайда өткізу туралы өтініш хат жіберген. Қазір осыған байланысты бірінші инстанция сотының жауабын күтіп отыр. Тағы бір айта кететін жәйт, Қытай Заңы бойынша өмір бақи түрмеге қамалған азамат тәртібі жақсы болса, абақты әкімшілігі жақсы мінездеме берсе екі жылдан кейін мерзімін қысқарту жөнінде өтініш бере алады.

Ақжарқын Қытайдағы қорғаушыларының бірі Сяо Чжаньдэ осы іске қатысты былай деп пікір білдірді.

Егер Ақжарқын сот тарапынан қылмысты деп табылған болса, келісім-шарт талаптарына сәйкес оны Қазақстанға қайтаруымызға болады.
"Таяуда Қытай мен Қазақстан Республикасы қамауда отырған азаматтарды өзара алмасу жөніндегі құжатты мақұлдады. Осы келісім шарттың 4 және 5-баптарына сәйкес Ақжарқынның қылмыстық әрекеті Қытай Халық Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне бағытталмаған және нұқсан келтірмеген. Егер Ақжарқын сот тарапынан қылмысты деп табылған болса, келісім-шарт талаптарына сәйкес оны Қазақстанға қайтаруымызға болады. Осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз, Ақжарқынның қылмыстық мерзімін өз елінде өтеуге мүмкіндігі бар", – дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы, "Rainmaker" заңгерлік фирмасының өкілі Сяо Чжаньдэ.

Естеріңізге салайық, Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоуда ұсталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!