Алматы әуежайында оқу-жаттығу кезінде апатты жағдайда қонған ұшақты құтқару қызметтерінің жұмыстары сыналды (Сурет)

Фотография - Алматы әуежайында оқу-жаттығу кезінде апатты жағдайда қонған ұшақты құтқару қызметтерінің жұмыстары сыналды (Сурет)

Бүгін Халықаралық Алматы әуежайында екі жылда бір рет өткізіліп тұратын апатты жағдайларда құтқару қызметінің жұмысын тексеру мақсатында оқу-жаттығу шаралары өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

417 0

Бүгін Халықаралық Алматы әуежайында екі жылда бір рет өткізіліп тұратын апатты жағдайларда құтқару қызметінің жұмысын тексеру мақсатында оқу-жаттығу шаралары өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Апатты жағдайда құтқару жұмыстары белгіленген сценарий бойынша жүргізіліп отырды. "Ұшақтың апатты жағдайда қонған кезінде жанармай төгілген жағдайда әуежай құтақару құрамасының іс-әрекетті"-атты тақырыпта өткен бұл іс-шараны Алматы әуежай апатты-құтқару құрамасының басшысы Сайран Хасенов мырза жүргізіп отырды. Апатты жағдайда қонған ұшақтың ішінде 50 жолаушы және төрт экипаж мүшелері болған. Іс-шараға онға жуық ауыр техника қатысып, бар жоғы 8-10 минут ішінде: трассаға өрт сөндіру техникасы көбік шашу арқылы ұшақтың алаңсыз қонуын қамтамасыз етіп, төгілген жанармайды (американдық Кобра өрт сөндіру техникасының көмегімен 3 минутта өртті сөндірді) өшіріп және де ұшақ ішіндегі жолаушылармен экипаж мүшелерін (кейбіреуін зембілдің көмегімен алып шықты) қауіпсіз жерге көшірді.
"Алматы әуежайының тарихында мұндай апатты жағдайлар болған емес, алайда екі жыл сайын бір рет осындай оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады. Алматы әуежайының құтқару құрамасы кез келген көлемдегі апатты жағдайда қонған ұшақты қауіп-қатерсіз жерге қондырып, керекті шараларды жасауға әрдайым сақадай сай болып, дайын тұрады, және де бұзылған ұшақты жөндеу жұмыстары осы әуежайда қарастырылған"-дейлі Азаматтық авиация кәсіподақтарының төрағасы Алтыбаев Данияр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!