Алматыда Қазақстан және Ресей хирургтері бірлескен онкооперациялар жүргізуде

Фотография - Алматыда Қазақстан және Ресей хирургтері бірлескен онкооперациялар жүргізуде

Алматы онкологиялық орталығында ресейлік мамандар қазақстандық әріптестерімен бірге 14 операция өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

234 0

Алматы онкологиялық орталығында ресейлік мамандар қазақстандық әріптестерімен бірге 14 операция өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы онкологиялық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазақстандық онколог-дәрігерлер бүйрек, қуықалды безі, эндометрия, қуық, жатыр мойыны қатерлі ісіктерін емдеудің заманауи әдістерін меңгеруде.

Алматы онкологиялық орталығында шеберлік сағаттары өтіп, онда қазақстандық және ресейлік онкологтар өзара тәжірибе алмасты.

Сол уақыттан бері қос елдің ақхалаттылары 14 онкологиялық науқасқа ота жасап үлгерген. Барлық операция лапароскопиялық жолмен жасалды.

"Шеберлік сағатында семинарлар мен тәжірибелік дәрістер өтті. Бір аптаға созылған іс-шара барысында қазақстандық онкологтар ресейлік әріптестерімен бірлесіп бірнеше операция өткізіп, жоғарыда айтылған онкологиялық аурудан айықтырудың жаңа әдістерін меңгеріп, клиникалық жағдайларға талдау жасады", - деп хабарлады Алматы онкологиялық орталығынан.

Лапароскопиялық операциялар Алматы онкологиялық орталығында кеңінен қолданылуда.  

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!