Қазақстан Қажылық Миссиясы өз жұмысын бастады (ФОТО)

Фотография - Қазақстан Қажылық Миссиясы өз жұмысын бастады (ФОТО)

Мәдина қаласында Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиевтің қатысуымен Миссия мүшелеріне арналған арнайы басқосу өтті.

117 0

Мәдина қаласында Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиевтің қатысуымен Миссия мүшелеріне арналған арнайы басқосу өтті.

Кездесуде қажылардың денсаулығын жіті бақылау, ұлы сапар жайында отандастарымызға діни түсіндіру-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттарды БАҚ бетіне дер кезінде жариялау туралы мәселелер талқыланды.

Қажылардың денсаулығын қадағалау жұмыстары дәрігерлер тобының жетекшісі Ерлан Әбдірашев мырзаға, уағыз айту, пәтуа беру, түсіндірме іс-шаралары ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевқа, ақпарат саласы Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлына, ал жалпы жұмыстарды үйлестіру ісі Қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжановқа жүктелді.

"Біз, Қазақстан Қажылық Миссиясының мүшелері қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күш-жігерімізді, кәсіби біліктілігімізді сарп етуіміз қажет. Жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, ыждаһаттылықпен атқаруларыңызды сұрайымын", – деді Ғ.Мәжиев. Сонымен қатар, Қажылық Миссиясының төрағасы теолог-ғалымдар – Ерсін Әміре мен Бауыржан Әлиұлына қажылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап беру қажеттігін тағы да қаперге салды.

Айта кетейік, биыл жерлестерімізге 5 дәрігер, 100-ге жуық имамдар, қажылық компания жетекшілері өздеріне жүктелген бағыттар бойынша қызмет көрсетпек.

 

muftyat.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!