Бас мүфти қажылыққа аттанғандардың алғашқы легін шығарып салды (ФОТО)

Фотография - Бас мүфти қажылыққа аттанғандардың алғашқы легін шығарып салды (ФОТО)

Алматы әуежайында қажылық сапарға шығарып салу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Сауд Арабия Карольдігінің Қазақстандағы елшісі Горм Сайд Малхан қатысып, бата жасап, қажыларға сәт сапар тіледі.

439 0

Алматы әуежайында қажылық сапарға шығарып салу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Сауд Арабия Карольдігінің Қазақстандағы елшісі Горм Сайд Малхан қатысып, бата жасап, қажыларға сәт сапар тіледі. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін 1000 адам қажылыққа бара жатыр. Мұсылман қауымы үшін Исламның бес парызының бірі – қажылыққа бару болса, осы жылғы қасиетті орында құлшылық етуге елімізден 4 мыңнан астам аттанады.

"Қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық. Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны орындаушы, ең бірінші, Алланың сый-сияпатына кенеледі. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған құлдардың күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын): "Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады",– делінген. Пайғамбарлар атасы Ибраһимнің (ғ.с.) ізі қалған, қасиетті жер, Жаратушының нұры жауған Мекке мен Мәдина шаһарын аман есен зиярат етіп, қажылық сапарын абыроймен атқарып, Отанымызға сауап арқалап оралуды жазғай!", – деп бата жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Әуе жаудағы салтанатты рәсімде елге танымал әншілер мен ақындар жырмен шашу шашты. Ал наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ Қажылық миссиясына төрағалық етеді.

Бес күнге созылатын қажылық барысында түрлі дәстүрлі шаралар жасалады. Миллиондаған қажы Қағбаны жеті рет айналып өтіп, Меккедегі мешітте құлшылық жасап, Жаратқаннан отбасы мен елдің амандығын тілейді. Мұсылман баласы үшін Қағба жершарындағы өте қасиетті орын болып саналғандықтан, қажылыққа барған барлық адам оны айналып жүріп, дұға жасайды.

Қажылық өтеу кезінде мұсылмандар сондай-ақ Қағбаның бұрышындағы қара тасты сүйеді. Жеті рет Сафа мен Маруах тауларының арасынан жүріп өтіп, зәмзәм суынан ішеді.

Әрбір мұсылман баласына денсаулық жағдайы мен қаражат жағынан мүмкіндігі болса, өмірінде кемінде бір рет қажылыққа баруы міндет етілген.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні 23.40 Алматы қаласының әуежайынан Медина қаласына 300 қазақстандық қажы биылғы жылы Қазақстаннан алғашқы топ болып аттанған болатын.

Бұдан ертеректе, Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Эр-Рияд қаласында "Нас" холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесіп, биыл Flaynas халықаралық әуекомпаниясы қазақстандық қажыларды тікелей рейспен қасиетті Мекке қаласына жеткізу туралы келісімшарт жасасқан болатын.
Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтарға Әл-Мәдина мешітінде семинар ұйымдастырған болатын.
Жалпы әлем бойынша биыл 1,5 млн мұсылман қажылық парызын өтейді.

 

muftyat.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!