Muslim.kz порталы Мекке мен Мадина шаһарынан тікелей фоторепортаж жүргізеді

Фотография - Muslim.kz порталы Мекке мен Мадина шаһарынан тікелей фоторепортаж жүргізеді

Қасиетті қажылық маусымы жақындағалы жан-жақтан ағылған қажылар легі Мекке мен Мадина шаһарына күн санап құйылып жатыр десек те болғандай.

351 0

Қасиетті қажылық маусымы жақындағалы жан-жақтан ағылған қажылар легі Мекке мен Мадина шаһарына күн санап құйылып жатыр десек те болғандай, деп жазады www.muslim.kz.

"Аталмыш сапарға елімізден 4000-нан астам адам баратынын сайтымыздың алдыңғы сандарында жазған болатынбыз. Қажылардың алғашқы легі Алматы қаласынан алдыңғы күні аттанып та кеткен еді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мұфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен бүгін қажылардың келесі бір тобын шығарып салу рәсімі өтті. Айтулы сапарға алғашқы топпен бірге Астана қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінің Muslim.kz порталының фототілшісі де аттанған болатын. Осылайша, өз оқырмандарымызға қасиетті Мадина мен Мекке шаһары жайлы, күллі мұсылманның құбыласы болған Қағба мен қара тас жайлы, қажылықтың басқа да рәсімдері жайлы оқиға орнынан фоторепортаж ұсынып отыратын боламыз", - делінген порталдың жарияланымында. 

Сайттың жазуынша, қазіргі кезде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мекен болған қасиетті Мадина шаһарына жеткен фототілші қаланың тыныс-тіршілігі мен таң намазының қалай өткендігі жайлы суреттер жолдап отыр. Суреттерді "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар! 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!