Елордада 40 тоннаға жуық астық жиналды

Фотография - Елордада 40 тоннаға жуық астық жиналды

Астана қаласының Статистика департаменті хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласының астық нарығына қатысушылардың қолында 39 815 тонна астық болды, жиналған астықтың барлығы дерлік азық-түлікке жіберілді

141 0

Астана қаласының Статистика департаменті хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласының астық нарығына қатысушылардың қолында 39 815 тонна астық болды, жиналған астықтың барлығы дерлік азық-түлікке жіберілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Азық-түлікке жіберілген негізгі дәнді дақыл бидай (азық-түлікке жіберілетін жалпы астық көлемінен 93,7%-ы) болып табылады. Азық-түлікке жіберілетін дәндердің басым бөлігі 91,6% қаладағы элеваторларда жинақталған. Қаланың ұн тарту комбинаттарында қайта өңделетін 2390 тонна бидай бар. Астық нарығына қатысушылардың қолында 2088 тонна арпа және 439 қарабидай бар.

Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласының астық нарығында 30 822 тонна астық болды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!