Қазақстанда темір жол көлігінде қауіпсіздік ережесін бұзу жағдайлары 10 пайызға төмендеді

Фотография - Қазақстанда темір жол көлігінде қауіпсіздік ережесін бұзу жағдайлары 10 пайызға төмендеді

2015 жылдың 8 айында темір жол көлігі саласында бақылау-қадағалау қызметі бойынша техникалық жағдайы сәйкес келмеуі себебінен 241 бірлік жылжымалы құрам (оның ішінде 26 локомотив, 215 вагон) пайдаланудан тоқтатылды

370 0

2015 жылдың 8 айында темір жол көлігі саласында бақылау-қадағалау қызметі бойынша техникалық жағдайы сәйкес келмеуі себебінен 241 бірлік жылжымалы құрам (оның ішінде 26 локомотив, 215 вагон) пайдаланудан тоқтатылды. Сонымен қатар  168 станционды және кірме жолдары мен бағыттамалық өтпелер жабылды. 

Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарланды.

"Жалпы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша оң қарқын байқалуда. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының саны 2014 жылмен салыстырғанда 44 жағдайға немесе 9,3  пайызға азайды. Атап айтқанда биыл 425 оқиға тіркелсе, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде 469 жағдай орын алған болатын",-дейді министрліктегілер.

Бұдан бөлек, су көлігіндегі бақылау саласында кемелермен болған апаттық жағдайлар өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 11-ден     5-ке дейін кеміді.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 8 айы бойынша автокөлік құралдарынан түскен алым  2,5 млрд. теңгені құрады. 9 097 көліктік заңнаманы бұзушылық анықталды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!