Астанада "Қызыл кітаптың" электронды форматтағы нұсқасы таныстырылды

Фотография - Астанада "Қызыл кітаптың" электронды форматтағы нұсқасы таныстырылды

Бүгін Астанада ТМД елдерінің екінші мемлекетаралық экологиялық кеңесі өтті. Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Армения елдерінің өкілдері қатысты.

254 0

Бүгін Астанада ТМД елдерінің екінші мемлекетаралық экологиялық кеңесі өтті. Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Армения елдерінің өкілдері қатысты.  

Отырыс кезінде электронды форматтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің Қызыл кітабы таныстырылды.

– Бүгінгі отырыста армениялық әріптестеріміз өздерінің презентацияларын көрсетті. Оның ішінде үлкен орын алғаны "Қызыл кітап" болды. Өздеріңіз білесіздер, "Қызыл кітапқа" сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. "Қызыл кітапқа" енген жануарлар мен өсімдіктер көбейіп бара жатса шығарылады, азайып бара жатса кіргізіледі. Мұндай "Қызыл кітап" әрбір мемлекетте бар. Бірақ армениялық әріптестеріміз бұл кітапты электронды форматқа ауыстырған. Тиісті бағдарламасы орнатылған. Жастардың кітап оқымайтын заманында электрондық форматқа ауыстыруы құптарлық жұмыс. Әріптестеріміз өте сапалы етіп жасаған. Яғни, осы кітапты студенттер де, сондай-ақ экологиямен айналысатындар да еш қиындықсыз пайдалана алады. Ең бастысы, бұл кітаптарды кеңінен қолдану үшін тиісті мүмкіндіктерді жасау керек, – дейді ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!