Түлкібас ауданында екі жаңа балабақша ашылды

Фотография - Түлкібас ауданында екі жаңа балабақша ашылды

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Елбасы 2020 жылы балаларды 100 пайызға қамту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырма Түлкібас ауданында орындалып отыр

829 0

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Елбасы 2020 жылы балаларды 100 пайызға қамту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырма Түлкібас ауданында орындалып отыр.

Өйткені ауданда «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту өткен жылы 76,6 пайызды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 93 пайызды құрап отыр. Әрине бұл қуантарлық жағдай. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан аудандағы шалғай орналасқан елді-мекендерде балабақшалар ашылып, жаңа білім ошақтары балаларға есігін айқара ашпақ. 

Сондай өңірдің бірі Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылында 150 орындық мектептің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілу жоспарланса, енді міне ауылда 100 орындық «Қарақат» балабақшасы ел игілігіне беріліп отыр. Әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде іске қосылып отыр. Аталған балабақшаға Жаңаталап, Жыланды, Қарабастау ауылының бүлдіршіндері қамтылcа, 22 азамат жұмысқа орналасты. 

Осы күні Жаскешу ауылында жаңа 100 орындық балабақша пайдалануға берілді. 5500-ге жуық халқы бар Жаскешу ауылында бұл 3-ші балабақша болып отыр. Халық саны жыл сайын өсіп келе жатқан ауылда жаңа балабақшаға 25 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр. Аталған балабақшаларда ойын алаңдары, жатын бөлмелер, оқу сыныптары, бейнелеу өнері залдары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жаңа балабақшалардың ашылуында аудан әкімі Қ.Абдуалиев сөз сөйлеп, бүгінгі күнге дейін әрбір ауылдың орталық ауылдарына ерекше көңіл бөлініп келсе, енді шалғай орналасқан елді мекендердің ішкі көшелері жөнделіп, мектептер мен балабақшалар, спорт алаңшалары және саябақтар ашылып отырғандығын айтты. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ауданда тағы 3 балабақша ашылу жоспарлануда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!