Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған

Фотография - Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған

Павлодар қаласының маңындағы Энтузиасттар саябағы аумағында тұратын 21 жастағы азаматша өз үйінде мерзімінен бұрын босанды

485 0

Павлодар қаласының маңындағы Энтузиасттар саябағы аумағында тұратын 21 жастағы азаматша өз үйінде мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Бұл туралы Павлодар облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Любовь Ходырева хабарлады.

"1994 жылы туған әйел үстіміздегі жылдың 13 қырүйекте өз үйінде мерзімінен бұрын босанып қалды. Жүктілік мерзімі - 34-35 апта. Ол қыз баланың анасы атанды. Нәрестенің салмағы - 3660 грамм, бойының ұзындығы - 54 см. Салмағы мен бойы бойынша сәби шала туылған емес деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі таңда нәрестелердің патология бөлімінде жатқан бала дәрігерлердің жіті бақылауында", - дейді Л. Ходырева.

Айта кетерлігі, азаматша бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген және есепте тұрмаған болып шықты. Ол тұрғылықты жері бойынша №4 емханаға жатады. Агентікке ақпараттандырылған дереккөздің хабарлауынша, азаматша дәретханада босанған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!