Астанада "Біз – таза қала үшін" жалпы қалалық сенбілігі өтеді

Фотография - Астанада "Біз – таза қала үшін" жалпы қалалық сенбілігі өтеді

Сенбі күні Астана қаласында "Біз – таза қала үшін!" ұранымен жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 81 мыңнан астам адам, 460 жуық техника жұмылдырылатын болады.

218 0

Сенбі күні Астана қаласында  "Біз – таза қала үшін!" ұранымен жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 81 мыңнан астам адам, 460 жуық техника жұмылдырылатын болады.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қалдықтардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.

Айта кетейік, жалпы қалалық экологиялық сенбілік аясында 3300 астам жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашын отырғызылмақ. Сондай-ақ, мектептер, балабақшалар және медициналық ұйымдар аумағында үш мыңға жуық көшет егіледі. 19 қыркүйекте өтетін сенбілікте жалпы 6,5 мыңға жуық көшет отырғызылады.

Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғам назарын қала көшелерінде тазалық сақтауға аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беру. Шараға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен ұйым өкілдері қатыса алады.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!