Жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы 1,3 миллион адамға екпе жасалады

Фотография - Жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы 1,3 миллион адамға екпе жасалады

Қызылша – вирусты аса қауіпті жұқпалы ауру және аурудың асқынуының салдарынан, әлемдегі нәрестелердің өлім-жітімінің басты себептерінің бірі болып табылады.

470 0

Қызылша – вирусты аса қауіпті жұқпалы ауру және аурудың асқынуының салдарынан, әлемдегі нәрестелердің өлім-жітімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Қызылшаның асқынуы пневмония және тыныс алу жолдарының қауіпті инфекциялары, мидың қабынуын (энцефалит), іштің өтуі және ағзаның сусыздану, соқырлық, құлақ инфекциялары секілді ауруларға әкеп соғады, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ  баспасөз қызметі.

Сонымен, ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 2000-2013 жылдардың аралығында иммундау (қызылшаға қарсы вакцинация) бойынша жедел өткізілген шаралар дүниежүзінде балалардың қызылшадан болатын өлім-жітім деңгейін 75%-ға (2000 жылы 544 200 өлім-жітім оқиғасынан 2013 жылы 145 700 оқиғаға дейін) төмендеткен. 2013 жылы әлемде балалардың 84%-ға жуығы тұрақты медициналық қызмет көрсету барысында бір жыл ішінде қызылшаға қарсы вакцинаның бір реттік мөлшерін алды.

Кез келген екпе жасалмаған адам жас мөлшеріне қарамай, кез келген уақытта қызылшаны өзіне және басқа адамдарға, мысалы қызылшаға қарсы вакцинация жасалмаған бір жасқа дейінгі балаларға жұқтыруы мүмкін.

Қызылшаға қарсы вакцина 50 жыл бойы қолданылып келеді. Елге жеткізіліп жатқан вакциналар ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің халықаралық сапа стандартына жауап береді, қолданыста қауіпсіз және тиімсіз болып табылады. Қазақстанда вакцинация тегін жүргізіледі.
Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтері бойынша жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы 5 миллионға жуық адам, соның ішінде 1,3 миллион адамға екпе жасалады. Балаларды қызылшаға қарсы тұрақты вакцинациялаудың Қазақстанда жаппай иммунизациялау науқанымен үйлесуі қызылшаның салдарынан болатын аурушаңдылық пен өлім-жітімді азайтуға бағытталған қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты стратегиялары болып табылады.

Вакцинация жасау арқылы алдын алуға болатын аурулар індетін шектеуде иммунизация бағдарламаларының жетістігі вакцина арқылы алдын алуға болатын қауіпті ауруларға қарағанда вакциналардан қорқатын кейбір халық топтарының жайлануына және беталысына жол ашты.

Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2015 ж. №546 бұйрығын орындау барысында және инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында 2015 жылдың 1 қазанынан бастап республика аумағында ел халқы үшін қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізіледі.

Барлық 16 өңірде вакцинация жасау үшін нысаналы топтар ретінде 15-19 жастағы жасөспірімдер мен жастар алынған. Науқан шеңберінде осы жастағы 1,2 миллион адамның кемінде 80%-ын қамту жоспарлануда. Дәл осы жастық топқа Қазақстанда қызылша ауруының 50%-дан аса оқиғасы тиесілі, сондықтан ол осал топ ретінде анықталған.

Айта кетейік, аталған шара шеңберінде 2015 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан баспасөз клубының алаңында "ҚР халқын қызылшаға қарсы иммундау" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!