"Қазмедиаорталық" ғимараты "Астана" клубын қолдауға жиналған халыққа лық толды (Сурет)

Фотография - "Қазмедиаорталық" ғимараты "Астана" клубын қолдауға жиналған халыққа лық толды (Сурет)

Қыркүйектің 15-інен 16-сына қараған түні "Астана" мен "Бенфика" ойынын тамашалауға жиналған мыңға тарта жанкүйер "Қазмедиаорталық" ғимаратының киноконцерт залын толтырды.

440 0

Қыркүйектің 15-інен 16-сына қараған түні "Астана" мен "Бенфика" ойынын тамашалауға жиналған мыңға тарта жанкүйер "Қазмедиаорталық" ғимаратының киноконцерт залын толтырды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Олардың әрбірінің көкейінен "Астананың" жеңісіне деген бір үміт, бір сенім бар екенін оқу қиын емес еді. Актер әрі музыкант Әнуар Нұрпейісов жиналғандардың көңілін түрлі ойындармен серпілтті.

Естеріңізге саламыз, "Астана" клубы Лиссабонда өткізген алғашқы матчта жергілікті "Бенфика" командасынан 2:0 есебімен жеңілді. Дегенмен, футболшыларымыз азулы командаға лайықты қарсылық көрсете білді. Оны "Бенфиканың" бас бапкері де футболшылары да мойындады.

"Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы келесі ойынын 30 қыркүйек күні өз жерімізде түріктің "Галатсарай" клубына қарсы өткізеді.

Суреттер Vesti.kz сайтынан алынды



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!