Байланыс бөлімдерінің әскерилері кешенді жаттығу өткізді (ФОТО)

Фотография - Байланыс бөлімдерінің әскерилері кешенді жаттығу өткізді (ФОТО)

Әуе қорғанысы күштері байланыс әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.

1009 0

Әуе қорғанысы күштері байланыс әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді. Онда Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттығу өткізілді. Далалық байланыс торабы жедел кезекшісінің белгісі бойынша батальондар жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді және толық құрамда қолдану аудандарына марш жасады.

Өрістету орындарына келгеннен кейін тропосфералық станциялардың бастықтары алдын ала барлауды жүргізді және бағынысты экипажға тапсырмалар берді.

Бұл далалық оқу-жаттығуда бөлім командирі полковник Ойрат Әтікеновтің басшылық етуімен 78460 әскери бөлімінің әскери қызметшілері капитан Валерий Көбелдесов, Әнуар Мұсатаев, аға лейтенант Виктор Митин және лейтенант Ербол Медеубеков ерекшеленді. Бұл әскери қызметшілер байланыс батальоны командирінің картасы бойынша станцияны өрістетуді сенімді басқарды. Сонымен қатар сапалы және сенімді байланысты қамтамасыз етіп, антеннаны тілшіге дәл бағыттаған тропосфералық байланыс ротасының командирі майор Равшан Душабаев жақсы жағынан көрінді.

"Әскери бөлімнің жеке құрамы үшін апта сайын өткізілетін жауынгерлік және тактикалық-саптық даярлық жоспарына сәйкес жыл сайын экипаждар үйлесімді жұмыс жасауда, өздерінің машығы мен кәсіпқойлығын арттыра отырып, қойылған тапсырманы уақтылы және сенімді орындайды", - деді 78460 ә/б командирі полковник Ойрат Әтікенов.

Далалық жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам қойылған тапсырманы орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

"Далалық шығудың қысқа мерзімі ішінде оқу-жаттығу сапалы өтті. Жеке құраммен радиолокациялық станцияларға арналған орлар қазылды, бүркемелеу және байланыс орнату ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ диверсиялық барлау топтарының шабуылдарын тойтару жөнінде қосымша кіріспелер өткізілді", - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабы бастығының орынбасары полковник Ғани Байсейітов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!