АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Джон Керри Алматы апортына таңданыс білдірді

Фотография - АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Джон Керри Алматы апортына таңданыс білдірді

АҚШ мемлекеттік xатшысы Джон Керри 10 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінде өткен қолөнершілердің экономикалық форумында Алматы апортына деген таңданысын жасыра алмады.

231 0

АҚШ мемлекеттік xатшысы Джон Керри 10 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінде өткен қолөнершілердің экономикалық форумында Алматы апортына деген таңданысын жасыра алмады.

"Бұл алманы мен жаңа ғана алдым. Бұл Қазақстаннан келген кәдесый, дәлірек айтсақ Алматыдан. Ол жергілікті киізден бастырылыпты. Алматыда дәл осындай ірі алмалар  өсіріледі екен. Біздің Жаңа Англияда болса, биыл алма тым аз шықты. Сол жақтан (Жаңа Англиядан) ораларда, мен ол жақтағыларға бір кеңес беретінім анық: "Алматымен бірге жұмыс жасауды бастаңдар, жігіттер!". Мына алма шынымен өте әдемі", - деді тамсана Д. Керри.

Киізден тоқылған қызыл апорт алмасын Мемлекеттік xатшыға форумға келген қазақстандық делегация мүшелері сыйласа керек.

Аталмыш бейнероликті Алматыдағы АҚШ-тың бас консулдығы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!