Өзін "пайғамбармын" деп жариялаған Түркістан тұрғыны арасында арақ ішетінін де жасырмады

Фотография - Өзін "пайғамбармын" деп жариялаған Түркістан тұрғыны арасында арақ ішетінін де жасырмады

Жақында өзін пайғамбармын деп жариялап, биліктен көмек сұраған түрікстандық азамат өзінің намазды 6 уақыт оқып, арасында арақ ішетінін де мойындады.

441 0

Жақында өзін пайғамбармын деп жариялап, биліктен көмек сұраған түрікстандық азамат өзінің намазды 6 уақыт оқып, арасында арақ ішетінін де мойындады. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Жалған пайғамбарлық бұрынғы ғасырлармен шектеліп қана қоймай, бүгінгі заманда да жиі кездесетін сорақылыққа айналды. Өкініштісі, жалған пайғамбарлық қазақтың жерін де айналып өткен жоқ. Жұрттың жағасын ұстататын ерсі қылықтармен ерекшеленген өтірікшілер біздің елде де, оның ішінде оңтүстіктен де табылды. Олар елдің есін шығаратын әңгімелерін емін-еркін таратып жүр.

Сондайлардың бірі  – түркістандық Нұрәлі. Қазақ үшін қасиетті қалада тұрғандықтан өзін де қасиетті  санады ма,  әйтеуір өзгелерге "Алланың  елшісі Нұрәлі Пайғамбармын" деп таныстыратынды шығарды. Оның айтуынша, Мұхаммед (с.а.с) соңғы пайғамбар емес. Ол туралы алғашқы ақпараттар осыдан 4-5 жылдай бұрын шыққан.

Алдыңғы жылы Нұрәлі тіпті Алматыға барып, бірқатар газеттің редакциясын аралап шығыпты. Жүрген жерінде өзінің пайғамбар екенін мәлімдей берген. Журналистерге берген сұхбатында «соңыма еретін сахаба мен пайғамбарлар отыратын ғимарат салуға ақша іздеп жүрмін» деп адамның күлкісін келтіретін жоспарларымен де бөліскен.

Осылайша бірнеше жылдан бері жұртты дүрліктіріп жүрген Нұрәлі "пайғамбарлығының" дәлелі ретінде Құранда бар" дей келе "Жұма" сүресіндегі "Бұл Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі"  делінген аятты келтіреді.  Әлбетте, Қазақстанның Мұсылмандар діни басқармасы бұған бей-жай қарамастан, тиісті түсіндірмесін беріп өтті. Мүфтияттың қызметкерлері "Ахзаб" сүресіндегі "Мұхаммед (с.а.с.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Алла әр нәрсені толық білуші" деген аятты келтірді.

Бұл қасиетті аятта Мұхаммедтің (с.а.с.) ақырғы пайғамбар екендігі, одан кейін пайғамбар шықпайтындығы ашық түрде баян етілген.  Сондай-ақ, Мұхаммедтің (с.а.с) соңғы пайғамбар екенін дәлелдейтін сенімді хадистер, ислам ғұламаларының зерттеулері толық айғақтайды. Бұған қарсы шығу немесе күмән келтіру адамды діннен шығарып жіберетін өте қауіпті іс екенін ұмытпайық.

Әйткенмен, Нұрәлі өзінің  тарапына айтылған сыни пікірлерді мүлдем қабылдамайды. Ақылға  шақырмақшы болғандарға бас салып айғайлай жөнеледі.

Нұрәлі пайғамбарға тіл тигізіп қасарысқандардың бір күнәсін жуып-шаюы қазақтың екі миллион теңгесіне дейін барады.

Жуырда әлеуметтік желілерде жалған пайғамбардың Түркістан қаласының әкіміне жазған хаты жарияланды. Онда "Алла тағала айтады: ей, Нұрәлі пайғамбар елшім, сені мойындамағандар және саған сенбегендер сенің алдыңда өткен бүкіл пайғамбарларды мойындамаған болып есептеледі. Саған сенбегендер кәпірге ұшырайды, оларды тозақ отымен сүйіншіле және жылына бір немесе екі рет азаптап отырамын" дейді", – деп жазылыпты.

Түркістандық "пайғамбар" өзін балағаттағандардың айыппұл мөлшерін де белгілеп қойған екен. Хатта "Нұрәлі пайғамбарға тіл тигізіп қасарысқандардың бір күнәсін жуып-шаюы қазақтың екі миллион теңгесіне дейін барады" делініпті.

Бұл хат наурыз айында жазылғанын, содан бері доллардың бағамы жоғарылағанын ескерсек, "пайғамбарлық айыппұл көлемі" бұдан да өсе түскен шығар.

Түркістандық жалған пайғамбар ара-тұра арақ ішетінін де жасырмайды. Тағы бір ерекшелігі – намазды бес уақыт емес, алты уақыт оқитынын айтқан. Өзі әнші, өзі биші екен.

Бір қызығы, түркістандық жалған пайғамбар ара-тұра арақ ішетінін де жасырмайды. Тағы бір ерекшелігі – намазды бес уақыт емес, алты уақыт оқитынын айтқан. Өзі әнші, өзі биші екен. Бұл тұрғыда бізді қызықтыратын жалғыз-ақ жайт – өзін пайғамбар деп жариялаған Нұрәлінің психикалық жай-күйін тексеру қажет-ақ секілді.

Әрине, көзі ашық, көкірегі ояу адам мұндай жалған пайғамбарлардың сөзіне бір сәт те болса  иланбайды. Әйткенмен, өтірік айтып, жұртты адастыратындардың басты құрбандары – діннен хабары жоқ сауатсыз да надан адамдар.

Оларды кез-келген хикаяға сендіріп жіберуге болатынын түрлі тәуіптер мен "әулиесымақтар", жалған пайғамбарлар жақсы біледі. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр өтсе де, исламның басты қағидаттары мен ең қарапайым заңдылықтарын білмейтіндердің қарасы аз емес. Діннің атынан жалған сөйлейтіндер халықтың осы осал тұсын  сәтті пайдаланып кетеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!