Қазақ хандығын 550 жылдығын Ұлттық ұлан жауынгерлері де атап өтуде

Фотография - Қазақ хандығын 550 жылдығын Ұлттық ұлан жауынгерлері де атап өтуде

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің кешенді жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында мерейтойды лайықты атап өтуге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда

810 0

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің кешенді жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында мерейтойды лайықты атап өтуге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы  ҚР ҰҰ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов хабарлады.

Бүгін  Ұлттық ұлан бастамасымен "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалымен бірлескен "Қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл. Ұлттық ұлан жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет қауіпсіздігінің күзетінде" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушыларға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Мұхометқали Сатов әскер Бас қолбасшысы атынан ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Оның пікірінше, мұндай шараны ұйымдастырудағы басты мақсат офицерлердің кәсіби деңгейін арттыру, әскери тәртіпті нығайту болып отыр.

"Биылғы жыл ерекше оқиғаларға толы. Оның ішінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының 550 жылдығын тойлағалы отырмыз. Қазақстан барлық тұрғыдан алғанда дербестігін алған мемлекет. Біз қайдан шыққанымызды, ата-бабамыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. Оларға сай болуымыз абзал. Әскер мемлекетті қорғауда әрдайым басты рөл атқарды. Тарихқа үңілсек, қанша рет қазақ батырлары түрлі қиындықты басынан кешірді. Гвардияның міндеті  ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елді сыртқы шабуылдан қорғау. Біз әрдайым халыққа қызмет етуге дайынбыз", - деді М.Сатов.

Жиын барысында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деканы Арман Жұмаділ, философия ғылымдарының докторы, профессор Зейнәбіл Айдарбеков, "Мемлекеттік тілге құрмет" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылы Осман, "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров, "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз хатшысы Қайым-Мұнар Тәбиев дөңгелек үстел барысында сөз алып, қазақ мемлекеттілігінің тарихы, ел аумағындағы қазақ хандығының мерейтойын атап өту шараларына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, жиында Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметі сөз болды.


2 

3 

4 

6 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!