Астана жылыту маусымына дайын

Фотография - Астана жылыту маусымына дайын

Бүгінгі таңда Астананың энергетикалық кешені жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы "Астана-Энергия" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олег Уткин мәлім етті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

283 0

Бүгінгі таңда Астананың энергетикалық кешені жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы "Астана-Энергия" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олег Уткин мәлім етті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

- Бүгінде "Астана Энергия" АҚ жөндеу бағдарламасының 91% орындады, жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Биыл жөндеу жұмыстары көп болды және біздің құрал-жабдықтармен қараша айына дейін созылуы мүмкін. Кәсіпорын жылыту маусымына дайын, яғни осы күнге дейін жөнделген қондырғыларды іске қосуға әрі қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге дайын. Жылыту мауысымын өткізу ережесіне сәйкес Астана қаласы әкімдігінің шешімімен "Астана Теплотранзит" тұтынушыларға жылу бере алатындай жүктемені арттыруға дайынбыз, - деді О. Уткин.

"Астана Энергия" АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында 2015 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама 655 млн теңгені құрайтыны белгілі болды. Бүгінгі таңда бұл сомаға келісімшарттар жасалды. Ағымдағы жылы күл үйінділерін қопсыту және күл ұстайтын құрылғыларды қайта жасау шаралары қолға алынды. Сатып алынған құрылғы ескіні жаңартуға, ал аудандарда қазандықтарды ауыстыру жылу энергиясын таратуды ұлғайтуға септігін тигізеді.

- Биыл қуаттылығы 120 мегаваттық бесінші турбоагрегат қолданысқа берілді. Іске қосуды маусым айында бастадық, қазір ол жүктемеге дайын. Ол толық автоматтандырылған басқару жүйесімен орындалып, жобаланған.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жылу энергиясын өндіруде сенімділікті, жоспарланған экологиялық шараларды орындауды, істен шыққан құрылғыларды уақытылы ауыстыруды, негізгі құрал-жабдықтың ПӘК арттыруға, сондай-ақ жылу энергиясын өндіруді ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!