Алматыда жалға берілетін әлеуметтік жаңа 275 пәтердің кілті табыс етілді

Фотография - Алматыда жалға берілетін әлеуметтік жаңа 275 пәтердің кілті табыс етілді

Бүгін Алматы қаласындағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 275 пәтердің кілті табыс етілді

235 0

Бүгін Алматы қаласындағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 275 пәтердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен "Байтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысты. 

Қуандық Уәлиханұлы тұрғындарды құттықтап, қиындық, дағдарыстарға қарамастан «Нұрлы жол» бағдарламасы одан әрі жүзеге асатындығын жеткізді.

"Бүгін Алматы қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 275 пәтердің кілті тұрғындарға табыс етілді. Жалпы алғанда еліміз бойынша биылғы жылы 400 000 шаршы метр тұрғын үйді, яғни жеті мыңға жуық пәтерді қолданысқа береміз. Ал Алматы қаласын алатын болсақ, биылғы жылдың басынан бүгінге дейін 1236 пәтерді қолданысқа бердік. Теңге бағамы еркін айналымға шығарылғанымен пәтерлердің жалдық құны өзгермейді. Яғни, пәтерлердің бір шаршы метрі Алматыда 1120 теңге болып қала береді", - деді Қуандық Бишімбаев. 

Айта кетелік, "Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасын "Байтерек" холдингі "Қазақстан ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ-мен бірге "Нұрлы жол" және "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламалары аясында жүзеге асырып келеді. Алматы қаласында бұл бағдарламаның орындалуына қала әкімдігі белсене атсалысуда.

Бұл бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысуға рұқсат берілген. Тағы бір айта кететін жәйт, бағдарлама бойынша пәтерлердің 50 пайызы аталған санаттар бойынша жасы 35-тен аспаған жас отбасыларына таратылады. 

Бұл жерде пәтерлер 20 жылға жалға беріледі. Осы мерзімнен кейін, пәтер жалға алушының меншігіне өтеді. Алматы мен Астана қалаларында жалға берілетін 1 шаршы метр тұрғын үйдің жалға алу бағасы 1120 теңгені құраса, өңірлерде шамамен - 923 теңге болады. Тұрғын үйді бес жылдық жалға алу мерзімінен кейін, қалдық құны бойынша сатып алуға рұқсат етілген. Қалдық құн бұдан кейінгі қалған ай сайынғы жалдық төлемдердің сомасына тең. Сондай-ақ, тұрғындар бұл бағдарлама бойынша алғашқы жарна төлемейді.

Айта кетелік, жыл басынан бері "Байтерек" холдингі "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында еліміз бойынша жыл басынан бері 4 мыңдай жалға берілетін пәтерлерді қолданысқа берген. Олардың жалпы ауданы 226,4 мың шаршы метрді құрайды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!