Өскеменде кассир 10 мың долларды қоқыс шелегіне салып, сыртқа шығарған

Фотография - Өскеменде кассир 10 мың долларды қоқыс шелегіне салып, сыртқа шығарған

Қаржы жетіспеушілігін білген банк жетекшілігі бірден іздеу жұмыстарын бастайды. Ақыры кассирдің айласы әшкере болған.

274 0

Өскеменде өзі жұмыс істейтін банктен 10 мың доллар жымқырған кассир ұсталды деп хабарлайды 24.kz.

Сот залында жауап берген күдікті әйелдің айтуынша, ол қомақты қаржыны ұрлаудың әдісін алдын ала ойластырыпты. Банк ішінде бейнебақылау жүйесі орнатылғандықтан, бір бума ақшаны қасындағы қоқыс шелегіне тастай салған. Жұмыс соңында шелекті алып, дәлізге шығып бейнебақылау камерасы жоқ жерде бума ақшаны сөмкесіне салып алып шыққан.

Қаржы жетіспеушілігін білген банк жетекшілігі бірден іздеу жұмыстарын бастайды. Ақыры кассирдің айласы әшкере болған. Сот залына келген күдікті өзінің қылмысын бірден мойындап, банк шығынын қайтарып берген.

Сот күдіктінің үш бірдей баласы бар екендігін ескере отырып, оны 5 жыл шартты түрде бас бостандығығынан айыру туралы үкім шығарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!