Елордада ұсталған қайыр сұраушылардың 60 пайызында төлем қабілеттілігі бар - ІІД

Фотография - Елордада ұсталған қайыр сұраушылардың 60 пайызында төлем қабілеттілігі бар - ІІД

Б. Есенбайдың айтуынша, ұсталған қайыр сұраушылардың арасында мүлдем ақшалары жоқ адамдар бар. Туысқандары оларды тауып, айыппұлдарын төлеп жататын да кез болады.

313 0

Елордада ұсталған қайыр сұраушылардың 60 пайызға жуығы бірден әкімшілік айыппұлдарын төлейді. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД басшысының орынбасары Батырлан Есенбай осылай мәлім етті.

"Сот қаулы шығарып, оларға айыппұл төлеуге уақыт береді. Егер де олардың қалтасында ақшалары болса, бірден айыппұлдарын төлейді. Ал ақшалары болмаған жағдайда, біз заңнамаға сәйкес, бір ай күтеміз. Кейіннен айыппұлды төлеуге міндеттейміз", - деді ол.

Б. Есенбайдың айтуынша, ұсталған қайыр сұраушылардың арасында мүлдем ақшалары жоқ адамдар бар. Туысқандары оларды тауып, айыппұлдарын төлеп жататын да кез болады. 

"Ұсталғандардың шамамен 60 пайызға жуығы айыппұлдарын өтейді", - деп нақтылап өтті Б. Есенбай.

Сонымен қатар ол қызметінен тыс уақытта қала көшесімен серуендеп жүргенде ешқашан да қайыр сұрап жүргендерге ақша бермейтіндігін және дереу оперативтік қызметкерді шақыратындығын жеткізді. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!