Алматыда сел зардаптарын жойған жауынгерлер марапатталды

Фотография - Алматыда сел зардаптарын жойған жауынгерлер марапатталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Алматы қаласы Наурызбай ауданында болған апат салдарын жоюға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттау кеші өтті

172 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Алматы қаласы Наурызбай ауданында болған апат салдарын жоюға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттау кеші өтті. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов хабарлады.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов, Алматы қаласы мен Наурызбай ауданы әкімдіктерінің, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің, "Қазселденқорғау" республикалық коммуналдық кәсіпорнының өкілдері, Наурызбай ауданы №187 орте мектебінің басшылары мен педагогикалық ұжымы қатысты.

Ұлттық ұлан сарбаздары қашан да халық қауіпсіздігінің қырағы күзетінде. Апат болған сол түні де біздің жауынгерлер оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті. Тұрғындарға дер кезінде көмек қолын созды. Ол жұмыстардың барлығын сарбаздарымыз өздерінің Отан алдындағы жауынгерлік борышы деп біледі, - дейді Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов.

Жауынгерлерге апат салдарын жоюда көрсеткен көмегі үшін жергілікті басқару органдары, "Қазселденқорғау" республикалық коммуналдық кәсіпорнының өкілдері, Наурызбай ауданы 187 орте мектебінің ұжымы да алғыс білдіріп, сый-сыяпат жасады. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен апат салдарын жоюда ерекшеленген бірқатар әскери қызметшілер "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" кеуде белгісімен, алғыс хаттармен және грамотамен марапатталды.

Кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінен 27 тамызынай дейін аталған елді мекенде Ұлттық ланның 28237 әскери бөлімінің 300-ден астам жауынгері құтқару, апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Аталған мерзім ішінде әскерилер күшімен 160-тан астам адам құтқарылды, жалпы білім беретін мектептер мен әлеуметтік нысандар аумағынан жауынгерлер қолмен 10 мың тоннадан астам лай, көлікпен 29 мың тоннадан астам тасты лай-батпақ шығарды. Тұрғындарға 194 текше метр таза ауыз су жеткізіліп, жертөлелерден 600 т.м.лайлы су шығарылды. Сонымен қатар, осы әскери бөлімнің 20 жауынгері "Қазселденқорғау" РМК-і қызметкерлерімен бірге тау басындағы аты жоқ көлдегі су деңгейін төмендетуге қатысқан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!