Алматыда Shangrila клубы кесілген ағаштардың орнына 15 көшет отырғызды

Фотография - Алматыда Shangrila клубы кесілген ағаштардың орнына 15 көшет отырғызды

Алматыда Shangrila клубының басшылығы кесілген 5 ағаштың орнына 15 көшет отырғызды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

392 0

Алматыда Shangrila клубының басшылығы кесілген 5 ағаштың орнына 15 көшет отырғызды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

Айта кету керек, Жамбыл көшесі, 77 мекенжайы бойынша орналасқан мейрамхана басшылығы ешбір құзырлы органның рұқсатын алмастан, жол бойында жайқалып тұрған 5 талды кесіп тастаған. Олардың әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Істің мән жайына қаныққан қала басшысы аталған мәселені Алмалы аудандық қоршаған ортаны қорғау полициясының қолға алуын тапсырды.

Shangrila түнгі клубына ҚР ӘҚК 386-бабы бойынша 99100 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының жасыл желекті қорғау және өсіру ережесінің 26 пунктына сәйкес мекеме басшылығы кесілген талдың өтемі ретінде қоғамдық орындарда он есе артық шыбық отырғызып, оны 2 жыл күтуге міндеттеледі.

Осылайша, құқықбұзушылар құны 770 мың болатын 50 шыбық отырғызуға міндетті.

Қазір Shangrila түнгі клубынан өтем туралы кепілдік хат берілді. Ережеге сәйкес олар жылдың соңына дейін міндетін атқаруы тиіс.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!