Көкшетауда арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Фотография - Көкшетауда арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңы мен "Алтын ғасыр" сауда үйінің алдында Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

177 0

Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңы мен "Алтын ғасыр" сауда үйінің алдында Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкені облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров аралап көріп,  азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 55 түрлі азық-түлік әкелініпті. Олардың жалпы құны - 62,1 миллион теңге, көлемі - 219,5 тонна болады.

Оның ішінде 50 тоннаға жуық ет пен шұжық, 3 тонна балық, 11,3 мың дана жұмыртқа, 10 тонна ұн мен макарон, 37 тонна картоп, 33,3 тонна көкөніс, 10,5 тонна қант, 5,5 мың литр күнбағыс майы, 5,7 тоннадан астам сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!