Батысқазақстандықтар Астанаға 7 тонна балық және 17 тонна ет жеткізді

Фотография - Батысқазақстандықтар Астанаға 7 тонна балық және 17 тонна ет жеткізді

Бүгін Астана қаласында батысқазақстандықтар азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырды

181 0

Бүгін Астана қаласында батысқазақстандықтар азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге облыстың он екі ауданы мен Орал қаласынан шаруалар мен тауар өндірушілер қатысуда. Олар Батыс Қазақстаннан елордаға 50 млн. теңгеге 7 тонна балық пен 17 тонна ет өнімдерін жеткізді. Сондай-ақ картоп, көкөніс өнімдері де бар.

Дәстүрлі жәрмеңкені өткізудегі мақсат - елордалықтарды қолжетімді бағаға таза азық-түлік өнімдерімен қамту.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, фермерлер Астанаға келіп, делдалдарсыз, тікелей өз өнімдерін өткізумен бірге жаңа байланыс орнатуға мүмкіндік алып отыр. Бұл - олардың өз нарығы мен қызмет аясын кеңейтудің бір жолы.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жексенбі күні де жалғаспақ.

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!