Қызылордада "Шұбат-қымыз" фестивалі өтті (ФОТО)

Фотография - Қызылордада "Шұбат-қымыз" фестивалі өтті (ФОТО)

Қызылордада Қала күнін мерекелеу "Шұбат-қымыз" фестивалімен басталды. Ұлттық сусынды ұлықтаған шараға қала мен аудандардың барлығынан дерлік шаруалар келіп қатысты.

475 0

Қызылордада Қала күнін мерекелеу "Шұбат-қымыз" фестивалімен басталды. Ұлттық сусынды ұлықтаған шараға қала мен аудандардың барлығынан дерлік шаруалар келіп қатысты.

Фестивальда аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады.

Бүгінде Сыр өңірінде қымыз-шұбатқа сұраныс артып келеді. "Сондықтан қымызхана желілерін кеңейтіп, қымыз өндіру технологиясын дамыту керек" - дейді мамандар. Бүгінде жылқының сүті - ұлтымыз үшін қаржы табудың көзі ғана емес, емдік қасиеті мол өнім саналады. Яғни, ұлттық брендке айналып отыр.

Фестивальға 2 мың литр шұбат, 1500 литр қымыз және сүт өнімдерінен жасалған құрт, ірімшік әкелінген. Сондай-ақ, қазақы нақышта дайындалған қолөнер бұйымдары да көрме төрінен орын алды. Аймақ басшысы көрмені аралап шығып, ұлттық сусыннан дәм татты. Мерекелік шарада қала жастары "Қара жорға" биін билесе, ата-әжелер ұлттық дәстүрлерді көрсетті.

- Төрт түліктің төресі түйе мен Қамбар атаның сусындары түрлі дертке дауа екендігін ата-бабамыз әлдеқашан дәлелдеген. Сол сара жолды жалғап, бүгін қала күні мерекесін ақтан дәм татып бастап отырмыз. Мерейлі мереке құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Фестиваль ұлттық ойындармен жалғасты. Балуандар белдесі, асық ату, гір көтеру, қол күресте мықтылар анықталды.

Жалпы, қала күні мерекесі биыл кең көлемде аталап өтіледі. Қауын-қарбыз, кондитерлік өнімдер және балалар шығармашылығы фестивалі, жас ақындар мүшәйрасы, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Қала күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.

Шұбат-қымыз Шұбат-қымыз Шұбат-қымыз Шұбат-қымыз Шұбат-қымыз Шұбат-қымыз 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!