Азиада батыры Алматы облысында пара берушіні ұстады

Фотография - Азиада батыры Алматы облысында пара берушіні ұстады

Алматы облысының жол полицейі Азамат Қазыбаев "Алматы-Өскемен" күре жолында өзіне пара бермек болған жүргізушіні ұстады.

104 0

 Алматы облысының жол полицейі Азамат Қалыбаев "Алматы-Өскемен" күре жолында өзіне пара бермек болған жүргізушіні ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жол-көлік полицейі, өңірдің көлік жүргізушілеріне құқық бұзушыларға деген  принциптілігімен танымал  Азамат Қалыбаевты пара беріп сатып алмақ болған.

Сондай-ақ аға лейтенант А. Қалыбаев 2010 жылғы қысқы "Азиада" кезінде  көрсеткен ерлігімен де жұртқа белгілі. Ол кезде патрульдік машинамен Жапония және Оңтүстік Корея елдері делегациясының 12 мүшесі мінген автобуспен еріп жүрген еді.  Қонақтар "Ақ бұлақ" кешеніне қарай (Талғарға жақын) бағыт алып келе жатқан болатын. "Алматы-Көкпек-Көктал" жолының 13-інші шақырымында қарсы беттен "субару-импреза" автомашинасы шыға келді. Полицей  автобустың алдында өз автомобилімен жолды көлденеңдей бөгеп, соққыны өзіне қабылдады. Сөйтіп ержүрек азамат апаттың алдын алған еді.  

Көрсеткен батырлығы үшін полиция офицері 2011 жылы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Полицейге пара бермек болған әрекетті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері түсіріп алған.Оның үстінен қылмстық іс қозғалды, деп атап өтті облыстық полициядағылар.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!