"Достық және Ынтымақтастық" керуені Алматыға жетті (Фото)

Фотография - "Достық және Ынтымақтастық" керуені Алматыға жетті (Фото)

Атқа жегілген 8 арба, 50 түйе және 80 адам 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Сиянь қаласынан шығып, Қазақстанға бүгін жетті.

1819 0

"Достық және Ынтымақтастық" керуені Алматыға жетті. Түйелер керуені Сианьнан Тараз қаласына дейін жүріп өтіп, ежелгі Ұлы Жібек жолын жаңғыртпақ, деп хабарлайды Bnews.kz.
                                   
Бүгін Алматыға жеткен "Достық және Ынтымақтастық" керуені ежелгі уақыттардан бері жібектен бағалы саналған, Шэньсиде өндірілген әйгілі Дияндық Фуца емдік шайын алып келеді.

2013 жылы ҚХР төрағасы Си ЦзиньпинАстанаға жасаған сапарында жаңа экономикалық Жібек жолы жөнінде сөз қозғаған болатын. Сол уақытта Қазақстандағы Дүнген қауымдастығы мен "И-ЗеФуца" Сиань керуен ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

"Атқа жегілген 8 арба, 50 түйе және 80 адам 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Сиянь қаласынан шығып, Қазақстанға бүгін жетті. Біз Қазақстанның бірнеше өңірін басып өттік, барлық жерде бізді жылы қарсы алды", - дейді керуенбасы Чоу Тэ Шын.

Керуеннің соңғы нүктесі Ұлы Жібек жолындағы маңызды орталық – ежелгі Тараз қаласы. Керуен Таразға Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау меркесіне қарсы жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!