Алматыда Қала күні тойланып жатыр (ФОТО)

Фотография - Алматыда Қала күні тойланып жатыр (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қала күні атап өтілуде. Алматылықтар мен қала қонақтары бұл мерекені негізінен Мәдениет және демалыс орталық саябағы мен ҚР Тұңғыш Президенті саябағында тойлап жатыр.

568 0

Бүгін Алматыда Қала күні атап өтілуде. Алматылықтар мен қала қонақтары бұл мерекені негізінен Мәдениет және демалыс орталық саябағы мен ҚР Тұңғыш Президенті саябағында тойлап жатыр.
 Мерекелік шараларға байланысты Тұңғыш Президент саябағы бірнеше интерактивті аймақтарға бөлінді. Алматылықтар ол жерлерге барып, караокеде ән салып, би билей алады немесе әр түрлі шеберлік сыныптарына және басқа да қызықты байқауларға қатысуға мүмкіндіктері бар. Әдеттегідей саябақта Алма жәрмеңкесі ашылды. Оған алманың ондаған сұрыптары қойылды. Алматы мен Алматы облысы шаруа қожалықтарының фермерлері бұл жәрмеңкеге 100 тоннадан астам алма алып келген.

Қалалық алма жәрмеңкесін Алматы әкімі Бауыржан Байбек келіп аралап, қалалықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

"Сіздерді Қала күнімен құттықтау - мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінде әлемде болып жатқан күрделі жағдайларға қарамастан, Елбасы саясатының арқасында біздің мемлекетіміз өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Елімізде балабақшалар, мектептер, емханалар, жолдар және басқа да әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Қаламыз барған сайын көркейіп, құлпырып келеді. Алматы - тәуелсіздігіміздң  алтын бесігі. Алматы - елімізідің мәдени, ғылыми, іскерлік және спорт орталығы. Алматы болашақта халықаралық бағытта дамитын болады. Яғни, халықаралық деңгейге көтеріліп, нағыз замануи қалаға айналады", - деді Б. Байбек.

Қала басшысының құттықтау сөзінен кейін "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағымен марапаттау рәсімі басталды. Осылайша, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстан Елтаңбасының авторы, белгілі мүсінші, сәулетші Шота Уәлиханов және Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Дәулет Сембаев "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматыда Қала күніне байланысты әр түрлі мәдени шаралар өтіп жатыр. Солардың ішінде, сағат 18:00-де Халықаралық "Сұңқар" трамплиндері кешенінде Муззон телеарнасының "ЕМА-2015" деп аталатын Еуразиялық музыкалық жүлде жобасы басталды. Концерт сағат 23:00-де дейін жалғасады.   

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!