4 тонна балық үшін 40 мың теңге айыппұл

Фотография - 4 тонна балық үшін 40 мың теңге айыппұл

Атырау қалалық соты 4 тонна балықтың заңсыз ауланғаны үшін Әзірбайжан азаматына 40 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Шетелдік азамат қаладағы жеке үйлердің бірін кәсіпорынға айналдырған.

235 0

Атырау қалалық соты 4 тонна балықтың заңсыз ауланғаны үшін Әзірбайжан азаматына 40 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Шетелдік азамат қаладағы жеке үйлердің бірін кәсіпорынға айналдырған.

Естеріңізде болса, көктемде тәртіп сақшылары жеке үйлердің ауласының бірінен балық дайындайтын жасырын цех тапқан болатын. Кәсіпорын Әзірбайжан азаматына тиесілі болған. Тергеу жүргізілген осы аралықта күдікті үйқамақта болды. Сот күні кеше оған 40 мың теңге айыппұл салды дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мухтарова.

Айта кету керек, аталған цехты тексеру барысында ол жерден жөнелтілуге дайын кептірілген 4 тонна балықтан басқа, жуып-тұздауға арналған 250 литрлік ванна да табылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!