Қала күнінде 84 нəресте дүние есігін ашты - Алматы

Фотография - Қала күнінде 84 нəресте дүние есігін ашты - Алматы

Қала перзентханаларында қыркүйектің 19-ы мен 20-сы аралығында бір тәулік ішінде 84 нәресте дүниеге келді. Олардың 41-і - ұл, 43-і - қыз.

1410 0

Алматыда кеше Қала күні мейрамы кең көлемде аталып өтті. Дәл осы күні қалада 84 нəресте дүние есігін ашты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қала перзентханаларында қыркүйектің 19-ы мен 20-сы аралығында бір тәулік ішінде 84 нәресте дүниеге келді. Олардың 41-і - ұл, 43-і - қыз. Сәбилер ақ халатты абзал жандардың қолынан алғашқы сыйлықтарын алды.

Қала күні мейрамында өмірге келген барлық сəбилерге қалалық əкімдіктің атынан құттықтау хат, денсаулық сақтау басқармасының атынан сый-сыяпат табыс етілді.

Бұл күні жарық дүние есігін ашатын сәбилерді тіркеу үшін əр перзентханаға арнайы маман бөлінген.

Айта кету керек, Алматыда барлығы 4 перзентхана, 1 аурухана жанындағы босандыру бөлімшесі, 3 деңгейлі 2 перинаталдық орталық бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!