Биыл Құрбан айт мерекесі ұлттық нақышта мерекеленеді – ҚМДБ (Бейне, сурет)

Фотография - Биыл Құрбан айт мерекесі ұлттық нақышта мерекеленеді – ҚМДБ (Бейне, сурет)

Қасиетті Құрбан айт жұртшылықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, рухани тазалығымызға септігін тигізіп, ізгі ниеттер жүзеге асып, ренжіскендердің кешірім жасасатын күн.

474 0

Қасиетті Құрбан айт жұртшылықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, рухани тазалығымызға септігін тигізіп, ізгі ниеттер жүзеге асып, ренжіскендердің кешірім жасасатын күн.
Қасиетті құрбан айт мерекесі биыл 24 қыркүйек күні басталады. Құрбан айттың, айт намазы Алматыда 07:30 да, ал Астана қаласында 07:45 те оқылады.

"2018 жылға дейін Қазақстанда ҚМДБ үкімімен Дін мен дәстүр жылы деп бекітілген, соған орай биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде атап өтеді. Елімізде облыс, аудан, ауыл, қала имамдарына мешіттердің ауласында мүмкіндігі келгенше киіз үйлер тігіп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады",-дейді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфтидің айтуынша, ҚМДБ Алматы қаласының әкімдігімен келісе отырып, Алматыда құрбан шалуға арналған 20 орын бөлінсе, ал Астанада 8 орын бөлінген. Сонымен қатар құрбан шалу орындарында, құрбандыққа шалынатын мал бағасы 20 мың мен 30 мыңның арасында болмақ. Қазіргі кезде қасапшыларға шариғат заңымен малды қалай сойып, қалай бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
Тағы бір ескере кететін жйт, құрбандық шалып, суретке немесе бейнекамераға түсіріп оны әлеуметтік желіге шығару бұл мақтан үшін жасалған дүние болып табылады.

 

суреттер ҚМДБ баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!