ОҚО полицейлері 25 снарядты залалсыздандырды

Фотография - ОҚО полицейлері 25 снарядты залалсыздандырды

ОҚО Арыс қаласының тұрғыны бұрынғы нан қабылдау бөлімінің тастанды ғимаратынан жарылғыш заттарға ұқсас металл заттарын тауып алғандығын айтып, полицейлерге хабар берген

120 0

ОҚО Арыс қаласының тұрғыны бұрынғы нан қабылдау бөлімінің тастанды ғимаратынан жарылғыш заттарға ұқсас металл заттарын тауып алғандығын айтып, полицейлерге хабар берген. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары табылған заттардың тот басқан снаряд екенін анықтады, деп жазды baq.kz.

Полицейлермен бірге келіп жеткен өзге де қауіпсіздік қызметінің мамандары нысанды қоршап, айналадағы тұрғындардың барлығын қауіпсіз аймаққа шығарды.

Табылған снарядтардың саны - 25 дана. Олар ұақ уақыт бойы су астында жатып қалғандықтан сырттарын тот басқан. Зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін полиция қызметкерлері жарылғыш заттарды арнайы полигонға апарып, көзін жойды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 287 бабына сәйкес (Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), қылмыстық іс қозғалып отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!