Қазақстанда 3D ойыншықтар жасалатын болады

Фотография - Қазақстанда 3D ойыншықтар жасалатын болады

Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған 3D ойыншықтар шығарылатын болады. Бұл жайында бүгін журналистермен кездескен "Бибісара" компаниясының директоры Исатай Ансат мәлімдеді

266 0

Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған 3D ойыншықтар шығарылатын болады. Бұл жайында бүгін журналистермен кездескен "Бибісара" компаниясының директоры Исатай Ансат мәлімдеді. 

"Бибісара" компаниясы жиырма жылдан астам уақыттан бері көпқабатты үйлердің аулаларындағы спорттық нысандарды салумен айналысып келеді. Келер жылдан бастап сол алаңдарға үлкен 3D қуыршақтарды жасауды қолға алмақ. Компания директорының айтуынша, ойыншықтар түгелдей каучуктен жасалады және олар балалардың денсаулығына еш зиян емес.

"Қазіргі заманда бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдарында тек гипстен жасалған ойыншықтар қойылған. Соған байланысты, біз келер жылы 3D ойыншықтар жасауды қолға алып отырмыз", - дейді компанияның жетекшісі.

Сонымен қатар, аталған компания соңғы екі айдан бері балалар ойын алаңдарына төсеуге түрлі-түсті плиталар жасап шығаруда. "Көптеген елдердің плита жасау әдісін зерттей келе, біз Түркияның тәсіліне тоқтап отырмыз дейді ол. Бұлар бес жылға дейін жарамды. Плита мұздай пресспен жасалып, артынша ыстық пеште кептіріледі", - дейді ол. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!