Алматыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Алматыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында, үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

141 0

Алматыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында, үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Қала тұрғындары мен қонақтарына бағасы базар нарқынан 15-20 пайызға арзан және экологиялық жағынан таза азық-түліктер, көкөністер мен жеміс-жидектер ұсынылады", - делінген хабарламада.

Осы мақсатта Алматыға Жамбыл облысынан жалпы сомасы 115 млн. теңгеге 260 тоннаның тауарлары жеткізіледі. Олардың ішінде ет өнімдері - 38 тонна, сүт өнімдері  -  12 тонна, көкөніс-бақша өнімдері - 170 тонна және басқа да өнімдер - 40 тоннаны құрайды.

Жәрмеңке әдеттегідей 23-ші қыркүйек күні таңғы сағат 08:00-де «Астана» алаңында ашылып, сағат 15:00-ге дейін жалғасады.

Осыған байланысты Төле би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!