Белгісіз біреу ауылдың 17 қорасын өртеп жіберген - ОҚО

Фотография - Белгісіз біреу ауылдың 17 қорасын өртеп жіберген - ОҚО

Жем-шөп сақтайтын қора-қопсылары өртке оранып, оның тек күлі ғана қалған. Әккі әрекетімен ауылды әуреге салған бұзақы әлі күнге ұстатпай жүр.

142 0

Арыстықтар төтеннен тұтанған тілсіз жаудан мезі болды. Монтайтас елді мекенінде әлдебіреу жергілікті тұрғындардың қысқа жинаған мал азығына қырғидай тиіп жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жем-шөп сақтайтын қора-қопсылары өртке оранып, оның тек күлі ғана қалған. Әккі әрекетімен ауылды әуреге салған бұзақы әлі күнге ұстатпай жүр. Оған тіпті, полицейлердің де пәрмені жетер емес.

Гүлжахан Қабылованың қорасы  екі рет өртке оранған. 50 шақты бумасы мен 5 көлікке тиеп алып келген сабан-шөбіні күлге айналды. Ауласында тіО)Олсіз жау әлі түтеп жатыр. Ала жаздай адырдан малына азық жинап, ауласына үйіп тастаған еңбегі еш кеткеніне келіншек жыларман күйде. Бұл жергілікті жұртқа нәубет болды деп шағынады.

Қазір ауылда өрт сөндіру қызметі мен тәртіп сақшылары кезекте қойылыпты. Күн-түн демей күдіктіні қолға түсірудің қамында. Алайда, ешқандай нәтиже жоқ. Мына жатын орындарда арнайы жасақ пен полиция өкілдері түнеп те шығады. Бірнеше күш біріктірілсе де, құзырлылар бұзақыны әлі күнге құрықтай алмай отыр.

Құзырлы органдар өрт оқиғаларының көбіне түнгі мезгілде болатынын айтады. Бүгінге дейін ауылдағы 17 қора қызыл жалынға оранып үлгеріпті. Ал тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберуден өзге тындырған ісі жоқ.

 


Тегтер:

ОҚО Арыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!