"Жібек жолы" автокеруені Астанаға келіп жетті

Фотография - "Жібек жолы" автокеруені Астанаға келіп жетті

"Жібек жолы" автошеруінің қатысушылары елордаға келіп жетті, деп хабарлайды astana.gov.kz. Біздің еліміз Шығыс пен Батыс мәдениетінің тоғысқан жерінде тұрды.

310 0

"Жібек жолы" автошеруінің қатысушылары елордаға келіп жетті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Біздің еліміз Шығыс пен Батыс мәдениетінің тоғысқан жерінде тұрды. Өркениеттің көпірі қызметін атқарды десек те болады. Бүгінде Қазақстан ескі дәстүрлерді ұстанып, Қытай арасында мәдени, экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынастары орнатылған.

Елордаға "Жібек жолы" автошеруі келіп жетті. 8 қыркүйекте Шанхайдан бастау алған "Жібек жолы" атты халықаралық автошеру қазіргі уақытта Астанада. Автошерудің қатысушылары ортақ үш қаланы біріктіреді, олар "ЭКСПО" халықаралық көрмесі бұрын өткен, қазіргі уақытта өтіп жатқан және алдағы уақытта өтетін қалаларды байланыстырады. "Жібек жолы" автокеруені қазіргі уақытта "ЭКСПО" көрмесі өтіп жатқан Италияның Милан қаласында тоқтайды.

"Біздің сапарымыз 2010 жылы халықаралық көрме Шанхай қаласынан басталды. Халықаралық автошерудің құрамына 21 адамнан тұратын 8 көлік енген. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жарысушылар, Қытай орталық телевидениесі және автошерудің ұйымдастырушы компания өкілдері бар. Қазақ еліне Хубэй және Сиань провинциясы арқылы өтіп, Алматы арқылы Астанаға жеттік", - дейді "Жібек жолы" автошеруі ұйымдастыру комитетінің комиссары Фу Цзянь.

Автошерудің жалпы жолы 35 күнді құрады, бұл уақыт аралығында қатысушылар 16 мың шақырым қашықтықты еңсеру қажет. Қазақстаннан кейін Ресей, Грузия, Туркия, Грекия елдеріне бағыт алады және Италия елінде аяқталады. 24 қазан күні автошеру қазіргі уақытта ЭКСПО-2015 халықаралық көрме өтіп жатқан Милан қаласына жетуді жоспарлап отыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!