Әйгілі француз футболшысы 2 жыл бойы босқындарға тегін тамақ пен үй беретінін айтты

Фотография - Әйгілі француз футболшысы 2 жыл бойы босқындарға тегін тамақ пен үй беретінін айтты

Әйгілі ағылшындық клуб "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы Эрик Кантона босқындардың отбасын екі жыл бойына баспана және азық-түлікпен қамтуға уәде берді.

536 0

Әйгілі ағылшындық клуб "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы Эрик Кантона босқындардың отбасын екі жыл бойына баспана және азық-түлікпен қамтуға уәде берді.

"Мен бүгінгі күні Марсельдің үкіметімен осы мәселе бойынша жұмыс жүргіземін. Егер сіз қызметке тұруға құқығы жоқ адамды қамқорлығыңызға алсаңыз, сіз оны тамақпен де қамтамасыз етуге тиіссіз ғой? Менің атам мен әжем Франконың режимінен қашып, Пиренейді жаяу тастап кеткен. Бұл біздің тарихымыз және ол маған қатты әсер еті", – дейді Кантона.

Сондай-ақ, босқындарға көмек қолын созуға Еуропа футбол қауымдастығы, Швейцария футбол қауымдастығы, сонымен қатар, кейбір еуропалық клубтардың ойыншылары шақырылған.

Айта кетейік, Кантона үлкен спортпен 1997 жылы қоштасқан болатын. Содан бері ол кино әлемінде бағын сынап келеді.

2015 жылдың басынан бері Еуроодақ аймағына Таяу Шығыс пен Африкадан 500 мыңға жуық босқын ағылып келді. Бұл проблемалы мәселе екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі дағдарыс деп танылып отыр.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!