Астанада алты көкөніс қоймасы салынады

Фотография - Астанада алты көкөніс қоймасы салынады

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайлар салу жобалары жүзеге асырылуда.

367 0

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайлар салу жобалары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері "Целинсельмаш" ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна), "Astana Food Storage" ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна) және "Астық Логистик" ЖШС "А" классының қойма кешені (32 730 орындық) пайдалануға берілген. Сонымен қатар, елорданың Индустриалды паркі аумағында «Казглавпродукт» ЖШС қораптау желісі бар көлік-логистикалық орталығының құрылысы аяқталды.

Кәсіпорын желісін кеңейту мақсатында сақтау көлемі 19 500 болатын 6 көкөніс қоймасы және жылына 4 850 тонналық қуаты бар 2 жылыжай салынып жатыр. Бұдан бөлек, жалпы көлемі 23 500 тонналық 5 көкөніс қоймасы және жылына 10 500 тоннадан астам өнім шығаратын 7 жылыжай жоспарлану сатысында тұр.

2016 жылы барлық жобалар пайдалануға берілген уақытта қаланың жеміс және көкөніс өнімдері (60 000 тонна) мен жылыжай өнімдерін (маусымаралық кезеңде 8000 тонна) сақтау мәселесі толықтай жабылады деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!