Құрбан айтты мерекелеуге Алматы мешітіне 30 мың адам жиылды (сурет)

Фотография - Құрбан айтты мерекелеуге Алматы мешітіне 30 мың адам жиылды (сурет)

Намазға жиылғандар құрбан шалды

316 0

24 қыркүйекте Алматыдағы орталық мешітке айт намазына қатысып, құрбан шалған 30 мыңдай адам жиналды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Жеті мың адамға есептелген мешіт лық толды, сондықтан сыймаған адамдар тротуарға жайғасты. Жақын маңда құрбандық малын сойып, жіліктеуге арналған орын орналастырылды.
 

"Барлық мұсылмандарда жылына екі мереке – ол Рамазан мен Құрбан байрам. Бүгін біз айт намазын оқып, құрбан шалдық. Мешітке 25-30 мыңдай адам жиылды, орын бәріне жетпеді. Жыл сайын біз дінге бет бұрғандардың саны артқанын байқаймыз, шамамен бес мыңға. Құрбан шалу айт намазынан кейін үш күн жалғасады, намазға дейінгінің бәрі құрбан болып есептелмейді. Осы жерден алған етті тұрмысы төмен отбасыларға таратамыз, олар бір апта бұрын арнайы тізімге аты-жөндерін жаздырып кеткен", - дейді Алматының орталық мешітінің бас имамының көмекшісіАнуар Елжанов.

"Құрбан айт алдында баға әрине көтеріледі. Бір қой үшін 18 бен 40 мың теңге арасында. Көптеген мешіт маңынан қойды сатып алуға болады, сонымен бірге базарлардан, катализатордан немесе "Думан" базарының қарсысынан. Мен мысалы, алып сатар емеспін, өзім өсірген малды облыстан алып келдім. Былтыр 200 бас саттым, биыл сауда те басталды, бірақ өтімі жақсы. Алматыда 28 мешітте құрбан шалуға рұқсат берілген, әр қайсысында үш күнде 150 қойдан деп есептеп көріңіз. Кейін ет мұқтаждарға таратылады", - дейді сатушы Ержан Әлметов.

24 қыркүйекте Қазақстанда ресми түрде демалыс. Таңнан бастап үй иелері мерекелік дастархан жаюда, ал дәмділер алдын ала дайындалған.