Барак Обама Си Цзиньпинмен бірге кешкі ас ішті

Фотография - Барак Обама Си Цзиньпинмен бірге кешкі ас ішті

АҚШ-қа мемлекеттік сапармен келген Қытай төрағасы Си Цзиньпин дәл қазір Ақ үй қожайыны Барак Обамамен кешкі асқа отырды.

125 0

АҚШ-қа мемлекеттік сапармен келген Қытай төрағасы Си Цзиньпин дәл қазір Ақ үй қожайыны Барак Обамамен кешкі асқа отырды.

АҚШ президенті кешкісін қытайлық әріптесі мінген лимузинді Ақ үй есік алдынан қарсы алды, деп хабарлады Reuter агенттігі. Бұл – Си Цзиньпиннің АҚШ-қа билік басына келгеннен кейінгі жасаған алғашқы сапары.

Барак Обама алыстан ат терлетіп жеткен мәртебелі мейманмен әзірше шай үстінде шүйіркелесіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмаспақшы.

Атап айтқанда, тараптар Қытайдың кибер қылмысы, Бейжің экономикалық саясаты және Оңтүстік Қытай теңізі сияқты тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітпек. Қытай төрағасымен салтанатты кездесу Обама резиденциясында ертең өтеді.

АҚШ-қа сапары аясында Си Цзиньпин сондай-ақ Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сессиясына қатысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!