Қостанай облысында тұрғындарға түсініксіз діни кітаптар таратып жатыр

Фотография - Қостанай облысында тұрғындарға түсініксіз діни кітаптар таратып жатыр

Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұрғындардың почта жәшіктеріне діни тақырыптағы кітаптар таратылуда.

369 0

Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұрғындардың почта жәшіктеріне діни тақырыптағы кітаптар таратылуда. Ал өздерін "иегова куәгерлері" деп атайтындар көшеде өз діндеріне насихат жүргізуде.
Бұл туралы ltvakcent.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

"Теософия мен батыс қоғамына хабарлама" деп аталатын кітаптардың авторы да, таратушылары да анықталмай отыр.

"Заң бойынша ешбір діни ұйым пәтер аралап, өз діндеріне насихат жүргізе алмайды. Діни кітаптарды таратқаны үшін 50 АЕК көлемінде (шамамен 100 мың теңге) айыппұл салынады, ал заңды тұлғалар 400 мың теңгеге дейін төлейді", – дейді маман Олег Калмыков.

"Лисаковск қаласының тұрғындары көшелерде “иегова куәгерлерін” жиі кездестіреді. Олар әңгімеге тартып, дін туралы кітаптарын ұсынып жатады. Почта жәшіктеріне кітаптарды таратқандар да осылар болуы мүмкін", – дейді Калмыков.

"Иегова жиі айтылатындықтан, мұны оның куәгерлері таратып жүрген болуы керек. Тарату құпия түрде жүргізіліп жатқанына қарағанда, олар осылайша жауапкершіліктен жалтармақ ойда", – дейді маман.

Секта адамдарды әңгімеге тартып, өздеріне тәуелді етсе, кітаптар көзқарасты өзгертетін бірден бір құрал ретінде өте маңызды. Сол себепті діни кітаптар таратып жүргендерді көрген жағдайда бірден 102-ге хабар берген абзал.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!