Алматыда Үндістан тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ашылды

Фотография - Алматыда Үндістан тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Алматыда "Атакент" көрме орталығында Үндістанның тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ашылды. Оған 40-тан астам үндістандық компания қатысуда.

244 0

Бүгін Алматыда "Атакент" көрме орталығында Үндістанның тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ашылды. Оған 40-тан астам үндістандық компания қатысуда.
"Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты - Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту. Өйткені, екі елдің өзара ынтымақтастықты дамытуда әлеуеттері өте жоғары. 2014 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 1,3 млрд. АҚШ долларына жеткен болатын.  Қазір Қазақстан Үндістанның батыс жағалауында жүк терминалын құру жобасын жүзеге асырып жатыр. Ал бұл болашақта екі ел арасында жүк тасымалдау дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі ашылған көрме өзіне серіктес табуда екі елдің кәсіпкерлері үшін нағыз бизнес алаңына айналады деген сенімдемін", - деді өз сөзінде Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн.

Айта кетелік, аталмыш көрме Алматыда осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Бұған дейін 2011 және 2013-ші жылдары ұйымдастырылған болатын.

Биыл ол өзінің ауқымдылығымен ерекшеленіп отыр. Оған мұнай және газ, телекоммуникация және жабдықтар, ғылым және технология, ауыл шаруашылығы технологиясы, ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, өндірістік тігін машиналары, сәнді әшекейлер, қолөнер және шөптік дәрілер бағытында еңбек ететін компаниялардың тауарлары қойылған.

Көрме 29-шы қыркүйекке дейін созылады.   

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!