"Әскери әулет" байқауына қатысуға өтініш беру аяқталды

Фотография - "Әскери әулет" байқауына қатысуға өтініш беру аяқталды

Әскери қызметшілердің отбасылары арасындағы "Әскери әулет" байқауына қатысуға өтініш қабылдау аяқталды.

221 0

Әскери қызметшілердің отбасылары арасындағы "Әскери әулет" байқауына қатысуға өтініш қабылдау аяқталды.  

Өздерінің отбасыларының тарихы туралы Қарулы Күштерде қызмет атқарған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан әкелерінің, аналарының, аталары мен әжелерінің даңқты әскери дәстүрін жалғастыра отырып, қазіргі таңда қазақстандық армияда қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер айтып берді. Танько әулетінің отағасы Алексей Иванович әскери бөлімде рота старшинасы лауазымында 14 жыл қызмет атқарды. Жылдар өте келе атасының ісін оның әулетінің мүшелері ұлы мен үш немересі жалғастыруда. Отбасының отағасы еңбек ардагері болып табылады. Әулет мүшелері мемлекеттік наградаларға ие болып қана қоймай, спортта да тамаша нәтижелер көрсетуде. Сонымен, мәселен, әулет басшысының ұлы Владимир Алексеевич ҚР Қарулы Күштерінде мінсіз қызмет атқарғаны үшін медальмен марапатталған және бокстан спорт шеберіне үміткер. Әулет өкілдері Елена Владимировна және Наталья Владимировна да ҚР ҚК-дегі мінсіз қызметі үшін медаль алған. Елена Владимировнаның спорттық жетістіктерінің ішінде 3000 метр қашықтыққа жүгіруде әскери бөлімнің әйелдері арасындағы спорттық жарыс байқауында бірінші орын алғаны. Танько жанұясының осынау барлық жетістіктері өзінің кәсібіне деген махаббатының, әскери іс пен отбасылық дәстүрге деген адалдығының нышаны. Олар бұл істі әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. "Әскери әулет" тұңғыш республикалық байқауы отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, жанұя институтын нығайту және дамытуға, өскелең ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбие беру негіздері ретінде қазақстандық әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталғанын естеріңізге сала кетейік. "Әскери әулет" сайысы бүкіл елге отбасылық болып қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа әскери іске адал болып қалатын айбынды әскери қызметшілердің жанұялары туралы жария етеді. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!