Алматы барахолкасында әйгілі "Алтын қатардың" жұмысы тоқтатылды (сурет)

Фотография - Алматы барахолкасында әйгілі "Алтын қатардың" жұмысы тоқтатылды (сурет)

Базар өртке қарсы нормалардың бұзылуына қатысты екі айға жабылады

176 0

Алматы барахолкасында бүгіннен бастап сот шешіміне сәйкес "Алатау" базары, сонымен бірге әйгілі "Золотой ряд" аталып кеткен қатар да жабылды, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.

Белгілі болғандай, базар екі айға өртке қарсы қауіпсіздік нормаларының бұзылуына сәйкес жабылды. "Бұзушылықтар жойылғанша "Алатау" базарының жұмысын тоқтату туралы сот шешімі 9 тамызда шыққан. Барлығы 53 бұзушылық, оның ішінде 11 ғана жойылды, ал 40 бұзушылық әлі жойылмаған. Осыған байланысты қазір базардың жұмысын тоқтатудамыз. "Адемде" және өзге базарларда болған жайттар қайталанбас үшін бұзушылықтар жойылғанша жұмысты тоқтатуымыз керек", - деп түсіндірді Алматы қаласының Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы Рахым Орынбаев.

Саудагерлер сот орындаушылардың талабы бойынша өзінің сауда орындарын тастап кетті, негізінен жабылғаны "Алтын қатар".

Алайда базар әкімшілігі сауда қатарларының жабылуы негізсіз деп есептейді. "Қазіргі кезде ол бұзушылықтар жойылған, бұл туралы бізде ТЖД-нен хат та ба, алайда бұған қарамастан қатарларды жабу тоқтатылмады. Біз ТЖД қызметкерлерінің өзіне де шағым бар, біз қазір заңды күшіне енген шешімге кассациялық шағым түсірдік", - дейді "Достар сауда" ЖШС-ның заңгері Айбек Шаншаров.

Саудагерлер де базарды уақытша жабуға қарсы. Олар бизнесінің екі айға тоқтап қалуына дайын емес.

"Алатау" базарының жалпы көлемі 2,5 гектар. Базардағы барлығы мыңдай сауда орыны бар, оның ішінде 250 орын "Алтын қатарға" тиесілі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!