Астанада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жалғасуда

Фотография - Астанада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жалғасуда

Елордада 1 тамыздан бастап "Мектепке жол" VIII дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

284 0

Елордада 1 тамыздан бастап "Мектепке жол" VIII дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Бүгін елорданың №52 орта мектебінде акция аясында қайырымдылық шарасы өтті. Астана қаласының Білім басқармасы қоғамдық қорларымен бірлесіп, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың шыққан 64 балаға мектеп формаларын сыйлады, №65, №71, №55, №10 мектептерінің 15 оқушысына кеңсе тауарлармен қамтылған мектеп рюкзактарын табысталды.

Акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Биылғы жылы "Мектепке жол" VIII дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы "Балаларға бірге көмек берейік!" ұранымен өткізілуде және 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, акция барысында биылғы жылы 7,5 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!