"Астана"-"Галатасарай" матчы кезінде елордада көлік қозғалысы шектеледі

Фотография - "Астана"-"Галатасарай" матчы кезінде елордада көлік қозғалысы шектеледі

"Астана-Галатасарай" матчын тамашалағысы келетін жанкүйерлерге қолайлы болу үшін қала басшылығы келесі сəрсенбі күні кешкі сағат 19.00-ден бастап бірқатар көшеде көлік қозғалысын шектейді

349 0

"Астана-Галатасарай" матчын тамашалағысы келетін жанкүйерлерге қолайлы болу үшін қала басшылығы келесі сəрсенбі күні кешкі сағат 19.00-ден бастап бірқатар көшеде көлік қозғалысын шектейді. Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында Астана қаласы ІІД Əкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаев мəлім етті, деп хабарлайды.

"30 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00-ден бастап футбол аяқталғанша елорданың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтсам, Қабанбай батыр жəне Тұран көшелерінде Керей-Жəнібек хандар көшесінен бастап Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі участок жабық болады. Яғни, жекеменшік көліктер мен таксилер осы аумақта жүре алмайды. Сондықтан, қала тұрғындары "Астана-Арена" стадионына Орынбор көшесі арқылы барғаны жөн",- деп хабарлады Б.Малыбаев.

Əкімшілік полиция басшысы, сондай-ақ, машиналар мен автобустардың қозғалысына кедергі келтіріп, жол бойына көлігін тастап кететін жүргізушілерге ескерту айтты.

"Осыған дейін бірнеше үлкен матч болған кезде, біз жол бойында тұрған 50 көлікті эвакуатормен алып кеттік. 30 қыркүйек күні де эвакуаторлар жұмыс істейді, рұқсат етілмеген жерде тұрған көліктердің барлығын айыппұл тұрағына алып кетеміз", - деді ол.

 

astana.gov.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!