ОҚО әкімі еңбек үздіктерін марапаттады

Фотография - ОҚО әкімі еңбек үздіктерін марапаттады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі "Еңбек күні" мерекесіне арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының форумына қатысып, еңбек азаматтарын марапаттады

130 0

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі "Еңбек күні" мерекесіне арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының форумына қатысып, еңбек азаматтарын марапаттады.  

Барша оңтүстікқазақстандықтар мен форумға қатысушыларды құттықтаған облыс басшысы биыл екінші рет аталып өтіп жатқан айтулы күннің негізгі мақсаты еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткен азаматтарды құрметтеп, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау деді.

− Барлық құндылықтар мен байлықтар адамның еңбегімен жасалатыны белгілі. Облыста соңғы 3 жылда екі жүзге жуық мектеп пен 186 денсаулық сақтау нысаны салынды. Бұл өз кезегінде, ең алдымен, құрылысшыларға, жас ұстаздар мен дәрігерлерге жаңа жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді. Жылдан жылға үш ауысымды мектептердің саны азайып келеді. Бұл мұғалімдердің еңбегін жеңілдетіп, білім сапасын арттырады деп ойлаймыз. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің орташа еңбек жалақысы 20-50 пайызға жоғарылайды, − деді өңір басшысы.

 

Мерекелік шарада өңірде тынымсыз еңбек етіп, жұмысында табысқа жеткен 30-ға жуық азаматқа «Еңбек ардагері» медалі, облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Грамоталары, Алғыс хаттары тапсырылды. Айта өтейік, Оңтүстік Қазақстанда 9 Социалистік Еңбек Ері мен 1 Қазақстанның Еңбек Ері тұрады. Олардың есімдері ел тарихында мәңгі қалмақ. Салтанатты жиында облыстық еңбек инспекциясы жұмыс беруші мекемелер арасында инновациялық жобаларды дамыту мен еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында байқау ұйымдастырған болатын. Бір жыл бойына жүргізілген шараның нәтижесінде 14 жоба анықталып, "ПетроҚазақстан" компаниясы мен "Досхан ЛТД" ЖШС-і жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаз екі мекеменің мамандары енді Болгарияда біліктілігін арттыру үшін тегін оқуға жіберілетін болады. Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!