Астанада Павлодар облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Фотография - Астанада Павлодар облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Бүгін елордада "Мега" СОО алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмекесі өтуде. Екі күн бойы Павлодар облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде Астана тұрғындары көкөніс, ет және сүт өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады

227 0

Бүгін елордада "Мега" СОО алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмекесі өтуде. Екі күн бойы Павлодар облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде Астана тұрғындары көкөніс, ет және сүт өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге Павлодар өңірінен жалпы сомасы 172,0 млн. теңгені құрайтын 575 тонна өнім әкелінді.

Павлодарлық кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдардың ет және еттен жасалған өнімдері - 108 тонна, сүт өнімдері – 25 тонна, көкөністер мен бақша дақылдары – 490 тоннаны құрайды.

Азық-түлік тағамдарымен қатар, мұнда "Казақ тағамдары" шатырында ұлттық асхана өнімдері де ұсынылды.

Жәрмеңкеге келушілерге арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара аясында И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының және «Шаңырақ» орталығының творчестволық ұжымдары өнер көрсетуде.

Еске салайық, 25 қыркүйек күні Астана қаласы мен Павлодар облысының әкімдері сауда-экономикалық Келісімге қол қойған болатын. Келісім шеңберінде Павлодар облысы тауар өндірушілері өз өнімдерін Астана қаласына нарық бағаларынан төмен бағамен жеткізіп тұрады. Сондай-ақ, елордада Павлодар облысы тауар өндірушілеріне «Шапағат» коммуналдық базарында және мамандандырылған дүкендерде жеңілдікті сауда орындары ұсынылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!